Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Дастан Сәтпаев Англияда алғашқы ресми матчын өткізді

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінде алғаш рет өнер көрсетті. «Бернли» сапында ойнайтын отандасымыз «Вест Бромвичпен» өткен бәсекенің 2-таймында жасыл алаңға шықты. Қосалқы құрамда болған спортшы 57-минутта Джош Лоранды алмастырды. Бұл тұста Дастанның командасы 1:2 есебімен есе жіберіп жатқан еді. Жерлесіміз шамамен 35 минуттай алаңда болды. Ол екі қапталда да ширақ қимылдап, пас сұрап, қорғаныс шебі мен орталыққа дейін жүгірді. Алайда дебюттік кездесуінде ерекше көзге түсе алған жоқ.

← Барлық жаңалықтар