Халықаралық бақылаушылар Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтті деп отыр. Бүгін арнайы брифингке қатысқан меймандар дауыс беру барысын, комиссия мүшелерінің дайындық деңгейі мен сайлаушыларға жасалған қолайлы жағдайларды оң бағалады. Айтуларынша, азаматтар дауыс беру құқығын барынша пайдалана алды. Әртүрлі санаттағы азаматтар да саяси науқаннан қалыс қалған жоқ.
АЛЁНА БУЛГАКОВА, РЕСЕЙДІҢ ОСК МҮШЕСІ:
Кеше өзіміз куә болған саяси процесс барлық халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Байқаушылар тарапынан жоғары бағалануда. Күні бойы сайлау учаскелерінде болып, дауыс беру барысын жіті бақыладық. Денсаулығына немесе басқа да себептерге байланысты учаскеге келе алмайтындар үшін дауыс беру үйінде ұйымдастырылды. Бұл сервистік мүмкіндіктердің жоғары екенін көрсетті. Бұл жерде азаматтардың қатысу белсенділігі де көп нәрсені аңғартып отыр. Халық бұл қадамға өздерінің, балаларының болашағын және республиканың гүлденуін қамтамасыз ету үшін саналы түрде келді.
Байқаушылар бұл сайлау елдегі демократиялық үдерістерді одан әрі нығайтуға және дауыс беру мәдениетін арттыруға оң ықпал етеді дейді.