Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Жерде тылсым құбылыс болады

Ертең Жер-Ана тылсым құбылыстың әсерін сезінуі мүмкін. Бұған Күн сәулесінің қуатты жарқылы себеп екен. Әлемдік ғалымдар осылай дабыл қағып жатыр. Зерттеушілердің сөзінше, жуырда күннің шуағы бұрынғыдан да артып, зарядталған бөлшектер пайда болған. Енді ғалымдар сол шашыраған ұшқындар Жерге жетіп, магнитті дауыл тудырады деп болжап отыр. Ғажайып құбылыс екі күнге созылуы мүмкін. Сондай-ақ, ертең таңға жуық Ай тұтылады. Бірақ ол Қазақстан аумағынан аса байқалмайтын көрінеді.

← Барлық жаңалықтар