Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Билл Гейтс ЖИ-ға қатысты дабыл қақты

Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлемге үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс жаһандық қауымдастықты ЖИ-ды бақылауға шақырды. Миллиардер кибершабуыл сын-қатерін ерекше атап, нейрожеліні реттейтін жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды. Гейтс бұл мәселені Қытай президенті Си Цзиньпинмен талқылауды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, АҚШ бастама көтерсе, Қытай да қауіпті ЖИ модельдерін шектеуге келісуі мүмкін. Бұдан бөлек, миллиардер жұмыс орындарының қысқаруына алаңдап, ЖИ арқылы адам еңбегін алмастыратын компанияларға салық салуды ұсынды.

← Барлық жаңалықтар