Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 24 қаралым

Құрылтай ресми жұмысына кірісті

Қазақстанда жаңа саяси кезең басталды. Елордада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп, Мемлекет басшысы заң шығарушы органның алдағы міндеттерін айқындады.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

. Елордада бірінші шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайының алғашқы сессиясы өтті. Мемлекет басшысы алдағы жұмыстың негізгі үш бағытын белгіледі.

Біріншісі — жаңа Конституция негізінде саяси жүйені жаңғырту. Екіншісі — кәсіби әрі жауапты Құрылтай қалыптастыру. Үшіншісі — партиялардың ықпалын күшейтіп, сайлауалды бағдарламалардағы тиімді бастамаларды Үкімет жұмысына енгізу.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет. Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек.

Сондай-ақ Президент Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Бұл мәселе депутаттардың қарауына енгізілді. Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Қазір мегаполистерге студенттер ағылып, бірі жатақханаға орналасып, енді бірі пәтер жағалап жүр. Ал қалтасында тиыны жоқ, барар жері табылмаған қыз-жігіттердің жайы не болады? Оқу орындары тарапынан қандай шаралар қабылданып жатыр? Арнамызда осы сенбіде шымылдығын түретін «Басты прайм» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер!

← Барлық жаңалықтар