Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 61 қаралым

Ерлан Қарин вице-президент болып тағайындалды

Апта тағайындаулардан басталды. Құрылтайдағы депутаттар Ерлан Қаринді еліміздің вице-президенті лауазымына тағайындауды қолдап, дауыс берді. Ал Үкіметті тағы да Олжас Бектенов басқаратын болды.

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Құрылтайдың бүгінгі отырысына Мемлекет басшысы арнайы қатысты. Президент сөз басында елімізде жаңа саяси кезеңнің басталғанын атап өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысқанын айтты. Сондай-ақ Ерлан Қаринді жан-жақты көзқарасы қалыптасқан, мол тәжірибесі бар, елжанды азамат ретінде бағалады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол көп жылдар бойы мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеді. Оны кең көзқарасты, мол тәжірибесі бар және нағыз патриот деп айтуға болады. Ол ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асыруға белсенді қатысты. Ол мемлекеттің стратегиялық бағыты мен даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан мен Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп санаймын.

ЖАНАР АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын да ұсынды. Президенттен кейін сөз алған Құрылтай депутаттары қос кандидаттың кәсіби білімі мен тәжірибесіне тоқталып, ел игілігі жолында нәтижелі жұмыс істейтініне сенім білдірді. Депутаттар екі кандидатураны да қолдады. Дауыс беруге қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қаринге жақтап дауыс берсе, Олжас Бектеновті 137 депутат қолдады. Толығырақ кешкі Басты жаңалықтарда баяндап беремін. Асаубек, сөз кезегі өзіңізде.

← Барлық жаңалықтар