Иә, елде жаңа реформа. Билік жүйесіне енген вице-президенттің құзыреті қандай болмақ? Құрылтай қолдап, жоғары лауазымға тағайындалған Ерлан Қариннің міндеттерін Президент айқындап көрсетті. Ізін суытпай Вице-Президентті қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәртебе Ата заңда айшықталғанын және мемлекеттік басқару бағдарында айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Елдегі екінші адамға сеніммен қатар, зор жауапкершілік артылады. Енді ол Құрылтай депутаттарымен, Үкіметпен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді. Өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, ұстанымын да жеткізуі тиіс.