Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Апат құрбандарының саны мыңнан асты

Непал мен Қытайдағы тау көшкіні басталған сәттің видеосы жарияланды. Әубаста селдің өршуіне Гималай тауларындағы мыңдаған тонна мұздықтардың құлауы себеп екені айтылған еді. Сол жорамал бүгін расталды. Әлемдік БАҚ беттері жарыса бөлісіп жатқан мына роликті непалдық тау гидтерінің бірі түсіріп алған. Ол сол сәтте Эверестке туристік топты бастап бара жатқан екен. Соңғы деректер бойынша, қос елде апат құрбандарының саны мыңнан асты. Тағы 4 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалғандардың тізімінде. Оның 583-і — шетел азаматтары. Ал құрбандардың дені Непалда. Себебі тау жынысының едәуір бөлігі осы өңірді басып қалған. Адамзат баласы апаттың айтып келмейтініне тағы бір мәрте көз жеткізді. Өйткені сол сәтте жүздеген адам тау шахталарында қызу жұмыста болған. Бейбіт тұрғындар лай астында қалып, олармен байланыс үзілді. Құтқарушылар адамдарды бірнеше тәуліктен бері іздестіріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар