Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Мемлекет басшысы Лаос Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды. Екі ел басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Жоғары лауазымды қонақтың келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің әнұранын шырқады. Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл алғашқы сапардың тарихи оқиға екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын тілге тиек етті. Мемлекет басшысы Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.

← Барлық жаңалықтар