Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Алматы облысының әкімі ауысты

Кеше ғана Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығынан кеткен Шыңғыс Әріновке жаңа қызмет бұйырды. Экс-министр әкімдіктен бір-ақ шықты. Президенттің жарлығымен генерал Алматы облысының тізгінін ұстады. Ал өңірді бұған дейін тұп-тура 4 жыл басқарған Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды. Жаңа басшыны аймақ активіне Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды. Негізі, креслодан үміттілердің арасында Әріновтен бөлек, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев та болған. Алайда жиынға қатысқан мәслихат депутаттарының басым бөлігі Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын қолдап дауыс беріпті. Айта кету керек, жаңа әкім Төтенше жағдайлар министрлігін 2,5 жыл басқарды. Ал оған дейін Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары, Президент күзет қызметінің жетекшісі сынды лауазымдарды атқарды.

← Барлық жаңалықтар