Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Жойқын су тасқыны

Йеменде толассыз жауған нөсердің соңы жойқын су тасқынына ұласып, 70-ке тарта адам ажал құшты. Тілсіз жаудың салдарынан 8 мыңнан аса отбасы баспанасынан айырылып, далада қалған. Апат аймағындағы инфрақұрылым да қатты зардап шекті. Тас жолдар шайылып, егістік алқаптары су астында қалды, электр желілері жаппай үзілген. Жағдайдың күрделілігіне байланысты жергілікті билік халықаралық ұйымдардан шұғыл түрде көмек сұрап отыр. Ал мамандардың болжамы әзірге көңіл көншітпейді. Алдағы апталарда жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан асып түсуі мүмкін. Синоптиктер бұл жағдай жаңа су тасқыны мен лай көшкіні қаупін одан сайын күшейтеді деп дабыл қағуда.

← Барлық жаңалықтар