Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Қазақстан құрамасы көш бастады

Қырғыз елінде саяси маңызды шаралармен қатар, жер-жаһан назарын тіккен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қыза түсті. Осы байрақты бәсекеде ел спортшылары топ жарды. Жүйрік жылқы мініп, тағалы тұлпармен сынға түскен шабандоздарымыз алыс қашықтықтағы ат жарыста қара үзіп, оза шапты. Төрт күн бойы көз ілмей, жанын шүберекке түйген ержүрек жігіттеріміз 300 шақырымдық қашықтықты 4 күн ішінде еңсеріп, аламан бәйгеде абыроймен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, дүбірлі додада көк байрағымызды желбіреткен отандық спортшыларымыз әзірге жалпы есепте 55 медальға ие болып, командалық көрсеткіште көш бастады.

← Барлық жаңалықтар