Қазақстандық әйелдердің қашан Айға ұшатыны белгілі болды. Ғарышкер Айдын Айымбетовтің айтуынша, елімізде дәл қазір қыз-келіншектерді дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Дегенмен жоғары оқу орындары мен ғылыми институттар болашақ сапарға арналған бастаманы қарастырып жатыр. Әсіресе нәзік жандардың денсаулығына әсері жан-жақты зерттеледі. Сол үшін ғарыштық сипаттағы жабық нысанда эксперименттер жасалуы мүмкін.