Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Каспийде жүзіп жарысты

Каспийде алғаш рет әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер жүзуден сайысқа түсті.

10 кезеңнен тұратын доданы Арнайы операциялар күштері ұйымдастырған. Спорттық бәсекеге еліміздің түрлі күштік құрылымдарынан 8 команда мен 100-ден аса әскери қызметкер қатысты. Ұйымдастырушылар бұл жарысты жыл сайын өткізіп, көптеген командаларды шақыруды және қатысушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр.

ТЕМІРЛАН ҚҰМАРОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Оңай жарыс болмады, өте тартысты болды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, 6-7 метр биіктіктен секіру және 200 метр жүзіп барып, 8 кедергіден өту керек болды. Ол жерде судың астынан, судың үстінен өрмелеп, көптеген кедергіден өттік. Жарыс тартысты болды, өте қуаныштымын.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар