Шу даласында есірткіге қарсы ауқымды операция жүріп жатыр.
Үш айға созылған «Қарасора – 2026» іс-шарасы кезінде екі мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған. Полиция төрт ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесіп, 21 тонна заңсыз тауарды тәркіледі. Сондай-ақ зиянды өсімдіктерді еккендерге қатысты 256 дерек тіркелген. Ондаған плантация жойылып, тұрғын үй аумақтарында арнайы жабдықталған 25 фитозертхана анықталды. Тәртіп сақшылары 60 мың гектардан асатын алқапқа мониторинг жасау үшін әуе техникасын пайдаланған.
Рамазан Палмағанбет