Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 29 қаралым

Депутаттар кімге сауал жолдай алады?

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысы өтті. Жақында ант қабылдап, жұмысына адал болуға сөз берген депутаттар біраз бастама көтеріп, бірнеше мәселенің шетін шығарды. Алдағы уақытта халық қалаулылары Премьер-министрдің өзіне тікелей сауал жолдап, Үкімет мүшелеріне де сұрақты төтесінен қоя алады. Жауап та көп күттірмей, бір айдың ішінде келіп болуы тиіс. Депутаттардың бүгінгі жиынында тағы қандай ұсыныстар болды?

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Бүгінгі жиында заң шығарушы орган – Құрылтайдың жаңа регламенті бекітілді. Бұл тәртіптік құжат «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға негізделіп әзірленген. Жаңа ережеге сәйкес, енді заң жобалары үш оқылымда талқыланады. Ал халықаралық келісімдерді ратификациялау немесе олардың күшін жою туралы нормативтік актілер екі оқылымда қаралмақ. Сондай-ақ тарих қойнауына енген Сенат пен Мәжіліске енгізіліп, аяқсыз қалған заң жобалары Құрылтайда қайта қаралады. Сонымен қатар халық қалаулылары әр сессия сайын өңірлерге екі рет іссапармен барады.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз жылына 2-ден кем емес өңірге іссапарға шығып, өңірлік сайлаушылармен кездесеміз, 10 күннен кем емес уақытқа. Және өзіміздің кестемізге өңірлерге бару туралы мәселелерді енгізе аламыз. Біз өңірдегі мәслихаттың да депутаттарын шақырып, комитеттің отырыстарына немесе жұмыс тобының отырыстарына қатыстыра аламыз.

← Барлық жаңалықтар