Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

Қазақстанда 9 млн теңге айлық алатын адам тұрады

Қазақстанда 9 миллион теңгеден аса айлық алатын адам тұрады. Ол жеке кәсіпкер емес, ұлттық компанияның басшысы. Finprom.kz порталы еліміздегі ірі мемлекеттік құрылым жетекшілерінің жалақысын жалпақ жұртқа жайып салды. Қазір бізде 22 ұлттық компания мен басқарушы холдинг жұмыс істейді екен. Олар ел экономикасының негізгі салаларын ілгерілетіп, жалпы ішкі өнімінің қомақты үлесін қалыптастырып отыр. Дегенмен топ-менеджерлері алатын сыйақы мөлшері де аз емес.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, көш басында «Қазатомөнеркәсіп» тұр. Былтыр компанияның бір мүшесіне шаққанда, орташа есеппен 112, 9 млн теңге жалақы төлеген. Келесі сатыға 99,3 млн теңгемен KEGOC компаниясы жайғасса, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі алғашқы үштікті түйіндеп тұр. Олар бұл мақсатқа 62,9 миллион теңге бөлген.

← Барлық жаңалықтар