Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Президент Үндістан мен Корея Республикасына аттанады

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қыркүйекте Үндістанға сапарлайды. Онда Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатыспақ. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сондай-ақ сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізіп, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірден мемлекеттік сапармен Корея Республикасына ұшып барады.

← Барлық жаңалықтар