Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Рыбакинаның бағы мен бабы сыналатын сәт

Әлемнің су жаңа бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшін бүгін жауапты сәт. Жерлесіміз АҚШ-тағы «Үлкен дулыға» турнирінің ақтық сынында өнер көрсетеді. Қарсыласы басқа-басқа емес, кеше ғана өзі көш басынан сырғытып тастаған Беларусь өкілі Арина Соболенко. Қазақстандық теннисші US Open-нің жартылай финалында жарыс қожайыны Коко Гауффпен шеберлік байқасқан. Ол да осал емес, рейтингтің төртінші сатысындағы спортшы. Үш сетке созылған кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Енді ол білгенінен жаңылмаса, жарыста жалауымызды желбіретуі тиіс. Айта кету керек, финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, отандасымыз АҚШ ашық біріншілігі аяқталғаннан кейін де әлемдік рейтингтің биігінде қала береді.

← Барлық жаңалықтар