Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Ұландық жауынгер алтын алды

Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында талайдың таңдайын қақтырған отандастарымыздың қатарында әскерилер де бар.

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің қызметшісі Болат Сапар боз кілемде қарсыласы шақ келтірмей, ел қоржынына алтын салған еді. Тегеурінді белдесулерде намысты қолдан бермеген спортшы осы толағай табысының арқасында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Айта кетейік, бұл оның жалғыз жеңісі емес. Әскери қызметшілер арасындағы жаһандық додада күміс, жағажай самбосынан әлем біріншілігінде қола медаль алыпты.

← Барлық жаңалықтар