Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайды

Еліміздің мақтанышы Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Қазанның 4-і мен 11-і аралығында дзюдодан Бакуде өтетін байрақты бәсекеде 60 келі салмақта еліміздің намысын Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов қорғамақ. Дегенмен Елдос ауқымды жарыстан шет қалмайды. Олимпиада чемпионы Жапонияда жалауын желбірететін ХХ Азия ойындарында бақ сынауға бел буған. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында ол үстел теннисі шебері Сарвиноз Миркадировамен бірге Мемлекеттік туды ұстап шығады. Ал даңқты қыздарымыз Әбиба Әбужақынова, Эсмигүл Куюловалар екі додада да сынға түспек. Айта кетейік, төрт жылдықтың басты бәсекесі Күншығыс елінің Аичи-Нагоя аймағында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар