Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті экономика рейтингінде 38-ші орынға тұрақтады. Сөйтіп, ТМД елдері ішінде топ-40-қа енген жалғыз мемлекет атанып отыр. Мұндай зерттеуді швейцариялық IMD World Competitiveness Center жасаған. Халықаралық орталық 70 елдің экономикалық өнімділігін, мемлекеттік және бизнестегі тиімділігін және инфрақұрылым сынды көрсеткіштерін назарға алыпты. Нәтижесінде Қазақстан 65,4 ұпай жинап, Испания, Португалия, Польша, Италия және Аргентина сияқты мемлекеттерді артта қалдырған. Ал рейтингтің көшін Сингапур, Гонконг, Швейцария, Тайвань, Біріккен Араб Әмірліктері, Дания бастап тұр.