Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Қазақстандықтардың 86,7% Президенттің бастамаларына сенім білдіреді

Отандастарымыздың 86 пайыздан астамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына сенім білдіріп отыр. Бұл туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» хабарлады. Зерттеу орталығының мамандары мұны халықтың саяси белсенділігі артып, елдегі өзгерістерге қызығушылығының күшеюімен байланыстырады. Оған дәлел, сауалнамаға қатысқандардың 65 пайызы Президенттің бастамаларынан хабардар екенін жеткізген. Мәселен, көпшілік бір палаталы Парламентке көшуге, 2026-ны Цифрландыру және жасанды интеллект жылы дегенге оң пікір білдірген. Сондай-ақ ел азаматтары «Ұлттық қор — балаларға» жобасындағы қаражатты тұрғын үй мен білімге пайдалануды қолдап отыр. Бұдан бөлек, технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым салаларындағы реформалар және «Таза Қазақстан» бастамасы да қоғамның көңілінен шыққан.

← Барлық жаңалықтар