Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Ұшақтарда интернет болады

Интернет жерде де бар, көкте де бар.

Бұдан былай жолаушылар ұшақ борттарында ғаламторға қиындықсыз қосыла алады. Себебі отандық лайнерлерге Wi-Fi желісін тарту бойынша ешқандай кедергілер жоқ. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Мәселен, биыл ведомство тиісті заңнамалық түзетулер қабылдаған екен. Ал қазан айынан бастап интернетке қосылған алғашқы әуе борттары пайда болмақ. Бірақ мұндай қызмет онсыз да аспандап тұрған билет бағасына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Өйткені бұны әуе компанияларының өздері шешетін көрінеді. Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің сөзінше, жоғары жылдамдықты ғаламторды спутник арқылы тарту жоспарланып отыр.

← Барлық жаңалықтар