Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда атқарылуы тиіс жоспардың бас-аяғы 93 пайызы орындалған. Бүгінде 4 энергоблок, 28 қазандық және 18 турбина жөндеуден өткен. Қалған нысандарда да тиісті жұмыстар жалғасып жатыр екен. Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары да мәреге жақындап қалды. Бүгінде жоспарланған 377 шақырымның 352 шақырымы толық біткен. Бұл мақсатқа 196 миллиард теңге бөлінген. Осылайша, ескірген желілерді жөндеп, тозу көрсеткішін 48 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптылардың есебін тыңдап, қалған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, алдағы уақытта ешқандай сылтау айтпай, жылуды уақытылы беруді тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жылыту маусымы уақытылы басталмаған жағдайда әкімдердің жеке жауапкершілігі қарастырылады. Энергетика министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, нысандар мен халыққа көмір және мазутты уақытылы жеткізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Президент тапсырмасы бойынша осы уақытта қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайтылды.

← Барлық жаңалықтар