Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысымен кездесті

Таңғы жұпар елінде мемлекеттік сапармен жүрген Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті. Жүздесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Чо Чжон Шикке ілтипат білдіріп, оны жуырда осы лауазымға сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы кездесуде әріптесі Ли Чже Мёңмен қол жеткізген келіссөздердің нәтижесіне тоқталды. Сондай-ақ, Президент Корея парламент мүшелеріне еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы жан-жақты мағлұмат берді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың атқаратын рөліне тоқталды. Ал Чо Чжон Шик Қазақстанды Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Оның сөзінше, қос мемлекеттің энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ықпалдастықты арттырудың маңызы зор.

← Барлық жаңалықтар