Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Үш лауазымды тұлға орындарында қалды

Мемлекет басшысы бірқатар ведомствоның жетекшілерін қызметіне қайта тағайындады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата төрағалары орындарында қалды. Сонымен, Эльвира Әзімова Конституциялық Соттың төрайымы лауазымын сақтап қалды. Ал Орталық сайлау комиссиясын бұрынғыша Нұрлан Әбдіров басқара береді. Ол бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келеді. Сондай-ақ, Жоғары аудиторлық палатаның тізгіні тағы да Әлихан Смайыловқа сеніп тапсырылды. Экс-премьер бұл органға 2024 жылдың сәуір айында басшы болып келген еді.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар