Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ел тарихындағы ең ыстық жаз

Абсолютті рекорд! Биылғы жаз Қазақстан тарихындағы ең ыстық мезгіл болып танылды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, мұндай аптап ыстық елімізде соңғы жүз жылда болмаған екен. Зерттеу мониторингіне сүйенсек, ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіші республикамыздың басым бөлігінде байқалыпты. Мәселен, ми қайнатар ауа райы Ақмола, Қарағанды облыстарының шығысында, сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тіркелген. Бұл аймақтарда термометр бағаны әдеттегіден +4 градусқа дейін көтерілген. Яғни, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін барған.

← Барлық жаңалықтар