Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Отандасымыз елге қайта алмай отыр

Отандасымыз 4 айдан бері Үндістаннан шыға алмай отыр. Осы елдің құзырлы органдары жерлесімізді теңіз шекарасын бұзды деп айыптауда. Ол мамыр айында Парадип портында 23 адам мінген «МТ Юнити» кемесінде қолға түскен екен. Сыртқы істер министрлігі жерлесімізге жан-жақты қолдау көрсету үшін жұмыс істеп жатқандарын хабарлады. Мәселен, жақында Үндістанның Сыртқы саясат ведомствосына мән-жайды түсіндіру туралы дипломатиялық нота жолданыпты. Дегенмен қиын жағдайға тап болған теңізшінің туыстары әзірге министрлікке жүгінбепті. Айта кетейін, бұл азаматымыз мұнай тасымалдайтын кеменің құрамында қызмет атқарады екен. Ал Үндістан шекарасын бұзды деп ұсталған танкер Камерун туымен жүзетін көрінеді. Қазір іс сотта қаралып жатыр.

← Барлық жаңалықтар