Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Халық кеңесінің құрамына кімдер кірді?

Құрылтайға кірмей қалған экс-депутаттар қайда жүр деп жар салып едік. Бірқатары Халық кеңесінің құрамына енді. Көпшілік мінберден көргісі келген Еділ Жаңбыршин, Ермұрат Бәпи, Нұртай Сабильянов, Мұрат Әбенов, сондай-ақ бұрынғы министр Ерлан Нысанбаев, Бағдат Мусиндер де осы қатарда. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа саяси институт мүшелерінің тізімі бекітілді. Ата заңымызға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнын басқан құрылым ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.

Құрамына азаматтық қоғам мен түрлі бірлестіктердің өкілдері кірді. Халық кеңесіне маңызды өкілеттіліктер берілген. Атап айтқанда, ол заң жобаларын Құрылтайға енгізуге және республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. Сонымен қатар жалпыұлттық диалогты ұйымдастыру, қоғамдық келісімді нығайту және ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселесін де басшылыққа алады. 126 адамнан тұратын су жаңа құрылымның толық құрамын Ақорданың ресми сайтынан көруге болады.

← Барлық жаңалықтар