Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Тоқаев Түрікменстан Президентін туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Түрікменстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық байланыстарын нығайту бағытындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ Сердар Бердімұхамедовтің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

← Барлық жаңалықтар