Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

«ҚазАвтоЖол» басшысы оңбай сөз естіді

Бүгін «ҚазАвтоЖол» басшысы Премьер-министрден оңбай сөз естіді. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндамасын судыратып оқып бергені сол еді, Олжас Бектенов бірден шүйлікті. Үкімет басшысы нақты проблемалардың айтылмағанын, жылдар бойы шешілмей келе жатқан түйткілдердің шаш етектен екеніне тоқталды. Әсіресе жолдың сапасы көңіл көншітпейтініне назар аударды. Сондықтан қордаланған мәселелерді созбалаңға салмай, дереу шешуді тапсырды. Ал нәтиже болмаса, қызметіңізбен қоштасуға тура келеді дегенді аңғартты, Премьер-министр.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Баяндама жақсы. Бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі де сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасы жоқ. Жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады. Ұқтыңыз ба?

← Барлық жаңалықтар