Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Ел құрамасы Азия ойындарында үздік үштікке кірді

Қазақстан спортшылары 12 медаль иеленіп, үздік үштікке кірді. Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы әзірге 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бүгін ел қоржынына тағы да 2 алтын, 2 қола медаль түсті. Төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеде алғаш рет енгізілген аралас жекпе-жектен Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаев топ жарса, каратэден Бэлла Самашева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанды. Естеріңізге сала кетейік, дүбірлі дода 19 қыркүйекте басталып, қазанға дейін өтеді.

← Барлық жаңалықтар