Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Мәслихат депутаттары таратылады

Мәслихат депутаттары мерзімінен бұрын қызметтен кететін болды. Олардың өкілеттігін тоқтату туралы шешімді Мемлекет басшысы ұсынды. Бұл қадам жергілікті өкілдердің жұмысын жаңартып, білікті әрі кәсіби құрамды қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі құрамның басым көпшілігі «Аманат» партиясының атынан сайланғанын атап өтті. Алайда саяси ұйым «Әділетке» қосылып, қызметін тоқтатты. Сондықтан да депутаттардың өкілеттігін қайта қарау керек деді Президент.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сондықтан мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек.

← Барлық жаңалықтар