Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Елді бөлмеу керек

Халық кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тіл, урбанизация және мәдениетке қатысты ойларына вице-президент те үн қосты. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының ұстанымын қолдап, ел бірлігі ең алдымен азаматтарды алаламай, бөліп-жармаудан басталатынын айтты. Оның сөзінше, адамды ауыл мен қалаға, шыққан ортасы мен өмір салтына қарап жіктеу ұлттың алға жылжуына кедергі келтіретін ескірген көзқарас. Сондықтан ұлттық бірегейлікті нығайту үшін мұндай таптаурыннан арылып, жұртты ортақ құндылықтар мен біртұтас ел идеясының төңірегіне ұйыстыру қажет.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет басшысы бүгін де ауыл мен қаланы бөлмеу, адамдарды «асфальтта» өскен қазақтар, шала қазақтар, нағыз қазақтар деп алаламау туралы ойымен бөлісті. Мұның бәрі кезінде қалыптасып кеткен, бүгінде әбден ескірген, ұлттың дамуына кері әсер ететін нарративтер. Шын мәнінде, Президент көпшіліктің көкейінде жүрген дүниені айтты деп ойлаймын. Оны Халық кеңесінің жиынына қатысқан адамдардың құптап, қолдағанынан-ақ байқауға болады.

← Барлық жаңалықтар