Алматыда Мемлекет басшысының қатысуымен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы өтіп жатыр. Маңызды жиын Маңғыстаудағы трагедияға байланысты үнсіздікпен басталды.
ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:
Бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болғандықтан, форум Каспий теңізінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Алқалы жиынға екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері – 600-ден астам делегат қатысып отыр. Шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластықтар бүгінде нақты іске ұласып, Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізіп жатыр. Онда өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы жаңа жобалар талқылануда. Яғни қазақ-қытай экономикалық әріптестігі жаңа белеске қадам басты. Толығырақ кешке басты жаңалықтарда айтамын.