Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлермен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиынға аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері мен марқұмдардың қызметтестері қатысты. Жиналған қауым әскерилердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза болған азаматтардың отбасыларына тиісті әлеуметтік төлемдер төленіп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толықтай материалдық қолдау көрсетілуде.

← Барлық жаңалықтар