Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Мемлекеттік сапар Мюнхенде жалғасады

Мемлекет басшысының борты бүгін Мюнхен әуежайына келіп қонды. Германияға ресми сапардың Бавариядағы кезеңі мазмұнды кездесулермен жалғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтпен жүздесті. Кездесуде өзара тиімді әріптестікті тереңдету жайы сөз болды. Тараптар ынтымақтастықтың аясын кеңейтіп, жаңа бастамаларға жол ашу мүмкіндіктерін талқылады. Президент осы елдің өзге де алпауыт компанияларының басшыларын қабылдады. Бұдан бөлек, Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады.

← Барлық жаңалықтар