Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Өтінім беріп үлгеріңіз!

Жер өңдеп, дән себетін диқандарға дем беретін жеңілдік. Елімізде «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өтінім қабылдау басталды. Қаржыландыру 2027 жылғы егін науқанына бағытталып отыр. Осы мақсатта қазынадан 200 миллиард теңге қарастырылған. Ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі бар болғаны – 5 пайыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыны маусымдық жұмыстар басталғанға дейін үлестіруді көздеп отыр.

ӘЛИ ӘКІМЖАНОВ, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын ала алу шаруашылықтарға тұқымды, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, қосалқы бөлшектерді уақытында сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ техниканы жөндеп, дайындауға, жеткізушілермен қажетті шарттарды жасасуға және өзге де жұмыстарды ертерек қамдауға жағдай туғызады.

Елімізде жалпы жеңілдетілген несие беру көлемі де ұлғайып келеді. 2024 жылы көктемгі егіс пен өнім жинау жұмыстарына 420 миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталса, былтыр 650 миллиард бөлінді. Ал биыл шамамен 750 миллиард теңге қарастырылған екен.

← Барлық жаңалықтар