Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Жасанды интеллект түсірген фильмдер байқауы

Бас қалада жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдер бәсекеге түсіп жатыр. Astana AI Film Festival халықаралық байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Оның барлығы бірде-бір камерасыз, ешқандай әртіс жалдамай-ақ, тек қана жасанды интеллектіні пайдаланып монтаждалған. Солардың ішінен финалға 25 үздік жұмыс іріктелді. Оның екеуін қазақстандықтар жасаған. Ақтық сынға өткен туындылардың арасынан 8 жеңімпаз анықталады. Оларға жалпы сомасы 2 миллион доллар болатын жүлде қоры табысталады. Ал 19 жанрды қамтитын кинолардың ішінде кім мықты екенін шетелден келген сарапшылар анықтайды.

АЛМАС ЖАЛИ, ФЕСТИВАЛЬДІҢ ТЕҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ AAIFF КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жүлде қоры 1 млн доллар. Одан бөлек, оларға инвестиция ретінде тағы қосымша 1 млн доллар беріледі. Бұл Қазақстанның дәл осы ЖИ индустрияда мәртебесін арттырып, нөмірі бірінші ету мақсатында өткізіліп отырмыз.

← Барлық жаңалықтар