Қасым-Жомарт Тоқаев 32 жыл ел басқарған әріптесін туған күнімен құттықтады. Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы тілдескен Президент бауырлас халықтың игілігі жолындағы жауапты қызметіне толайым табыс тіледі. Қазақ көшбасшысы үзеңгілесінің Тәжік елінің еңсесін тіктеп, қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға және ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Тараптар жақын болашақта мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша байланысты кеңейте түсуге уағдаласты.