Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Тыққан есірткіні тауып алды

Ақтауда арнайы операция өтті.

Бұл Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткіні заңсыз сатқандарды анықтау үшін өткізген іс-шарасы екен. Операция кезінде арнайы жасақ екі ер адамды ұстады. Олар синтетикалық затты аса ірі көлемде айналымға шығарды деген күдікке ілініпті. Тінту кезінде жігіттерден түйіншекке оралған зат, таразы тәркіленді. Полицейлер тек бір ғана мекенжайды тінтумен шектелмей, тағы бірнеше ауданды аралап, 41 түйіншекті тапты. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ал күдіктілер қамауда отыр.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар