Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Димаш жанкүйерлеріне үндеу жасады

Әлем жұлдызына айналған Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Ол парақшасына Мексикада өткен ән кешінен үзінді жариялап, алда болатын DIMENSIONS жаһандық турына аз қалғанын еске салды. Мехикодағы сәттерден ерекше әсер алған әнші басқа қалалар да, сондағы сахналар да, әр тыңдарман да өзіне дәл сондай шабыт сыйлайтынын жеткізді. Өнер иесінің төрткүл дүние көз тіккен музыкалық кеші 18 қазанда Польшада басталады. Әрі қарай Еуропа мен Латын Америкасының бірқатар қаласында жалғасады.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар