Мазмұнға өту
· 80 қаралым

Ақсу аудандық орталық ауруханасы жаңартылды

Енді Жетісу жұрты ем іздеп қалаға сабылмайды.

Ақсу ауданындағы орталық аурухана күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Жарты ғасыр бұрын іргетасы қаланған нысан сейсмикалық тұрғыда күшейтіліп, заманауи талаптарға сай жасақталды. Жобаға 2 миллиардқа жуық теңге жұмсалған. Орталықта хирургия, реанимация, перзентхана мен қабылдау бөлімі жаңғыртылды. Сондай-ақ медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы жаңаланып, емге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Құрымбай Байқадам, Ақсу аудандық орталық ауруханасының директоры:

Енді бүгін Ақсу ауданында ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Өздеріңіз көріп отырған ғимарат 1972 жылы салынып, 1974 жылы пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген мекеме болған. 2023 жылы басталып, міне, осы жылы аяқталды. Бүгін кіріп отырмыз. Қуанышымыз шексіз.

← Барлық жаңалықтар