Мазмұнға өту
· 81 қаралым

Ғалымдар дабыл қақты

Су тапшылығына бейжай қарауға болмайды. Сарапшылар тіршілік нәрінің азаюы ауыл шаруашылығына салмақ түсіріп, шығынның көбеюіне әкелуі мүмкін екенін айтады. Осыған қатысты мамандар Ақмола және Ақтөбе облыстарына арнайы барып, зерттеу жүргізді. Олар өңірлердегі климаттық өзгерістерді, су ресурстарының жағдайын саралады. Ғалымдардың айтуынша, мәселенің салдарын күтпей, тәуекелдердің алдын алу маңызды. Өйткені климат өзгерген сайын су тапшылығы, жердің тозуы, өнімнің төмендеуі сияқты мәселелер күшеюі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде экономикаға және халықтың тұрмысына әсер етпей қоймайды.

БОЛАТ ЕСЕКИН, САРАПШЫ:

Қазақстан — климаттың өзгеру салдарынан ең қатты зардап шегіп отырған елдердің бірі. Бұған еліміздің ашық мұхиттан қашық аймақта орналасуы және жан басына шаққандағы су ресурстарының аздығы себеп. Оған қоса, сумен қамтамасыз етуде көршілес мемлекеттерге тәуелділік деңгейі жоғары болып отыр. Мемлекет климаттың жылуы мен құрғақшылықтан ең алдымен зардап шегетін екі басты сала — ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын қорғау бойынша шұғыл шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

← Барлық жаңалықтар