Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін.
Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті қазақстандықтың келесі қарсыласын атады. Ол — екінші орта салмақта жеңіліп көрмеген Якоб Банк. WBO басшысының айтуынша, тараптар жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келген. Алайда чемпиондық айқастың күні мен өтетін орнын нақты айтпады. Дегенмен даниялық боксшының менеджері кездесу желтоқсанда өтетінін мәлімдеген. Қос спортшы Копенгагенде жұдырықтасуы мүмкін. Айта кетейік, Жәнібектің қарсыласы 20 рет жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде қарсыластарын мерзімінен бұрын сұлатқан.
Жақсылық Жасұланұлы