Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Денис Теннің турнирі басталды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы сегізінші турнир басталды.

Бұл жарыс Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы бәсі биік жалғыз бәсеке. Биыл мұз айдынында 25 елдің 150-ге жуық спортшысы сынға түсіп жатыр. Отандық команда жаңа бағдарлама әзірлеп, күрделі хореографиялық қойылым дайындаған. Биыл біздің елдің намысын 28 мәнерлеп сырғанаушы қорғайды.

Оксана Тен, Денис Тен атындағы қоғамдық қорының директоры:

Мәнерлеп сырғанаушыларды қолдау, ары қарай дамытуды Денис әрдайым айтып отыратын. Ол дәл осы спорт түрінен чемпиондардың, жеңімпаздардың көп болуын қалады. Біз бар болғаны соны орындап жатырмыз әрі турнирдің жастарға үлкен мүмкіндік беретінін көрсеткіміз келеді. Биыл да отандық спортшылар арасында жарысқа қатысушылар саны артты.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар