ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы тоғыз мемлекеттің арасындағы сан сала бойынша татулықтың тұғырын бекіткен ұйымның байланысы жыл санап бекіп келеді. Елдер арасындағы дипломатия мен өзара келісімнің біз үшін маңызы қандай?
ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:
Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» кешеніне келді. Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Қазір мұнда ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Биыл құрылғанына 35 жыл толған Достастықтың күн тәртібі заман талабына сай жаңарып келеді. Ортақ тарихтан басталған байланыс бүгінде сауда, көлік, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттарында жалғасып отыр.
ПЕРХАТ ЧАРЕЕВ, ТҮРІКМЕНСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Түрікменстан биыл ТМД-ға үшінші рет төрағалық етіп отыр. Жыл басынан бері Достастық елдерімен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда бірқатар кездесулер өтті. Авазадағы саммитте мемлекет басшылары алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап жатыр. Әсіресе энергетика мен көлік байланысын дамытуға қатысты мүмкіндіктерге мән беріліп отыр. Кеше өткен Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының консультативтік кездесуінде де өңірлік әріптестікті кеңейту мәселелері қаралды.
ТМД елдерінің өзара байланысын нығайтуда көлік дәліздерінің орны бөлек. Жүк кедергісіз қозғалып, саудаға жол ашылса, ынтымақтастықтың игілігі де нақты сезіледі. 2029 жылдың көлік байланысына арналуы осы бағытқа басымдық берілгенінің белгісі.