Шығыс Қазақстанда салбурын құсбегілер сайысы өтіп жатыр. Жыл сайын ұйымдастырылатын жарыс биыл жаңа деңгейге көтеріліп, қатысушылар І Азия кубогін сарапқа салады. Халықаралық бәсекеге тоғыз мемлекеттен келген құсбегілер бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгіні баптаудағы шеберліктерін сынайды. Биылғы бәсеке Ұлан ауданына қарасты бүркітшілер ауылы атанып кеткен Бозанбайда өтіп жатыр.
НҰРТАЙ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ, ҚҰСБЕГІ:
Биыл бір жыл баптап, Мұзтау деген бүркітімді арнайы сайысқа қатысуға алып келіп тұрмын. Биыл мен өзім алғаш қатысамын. 5 жыл қатарынан осыны ұйымдастырдық. Биыл спортшымын, ең жас спортшымыз 8 жаста.
Бүгінде елімізде құсбегілік кеңінен насихатталып келеді. Федерацияның ұйытқы болуымен тек жарыстар ғана емес, түрлі ғылыми-танымдық жобалар да қолға алынған. Соның бірі — этнограф, жазушы Бекен Қайратұлының «Қазақтың құсбегілік өнері» кітабы. Автордың сөзінше, бұл жинақ ғасырлар қойнауынан шаң баспай жеткен баға жетпес мұраның қыр-сырын ашады. Бұл кітаптың шығуына да құсбегілер федерациясы қолдау көрсетіпті.
БЕКЕН ҚАЙРАТҰЛЫ, «ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰСБЕГІЛІК ӨНЕРІ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ:
Жалпы, көзі қанған, ойы толысқан, санасы кемелденген адам ғана бүркітті баптай алады. Сол баптай алатын генологиялық ақыл-санасын өзіне қайтардым. Қазақстан Республикасы құсбегілік федерациясының төрағасы, қазіргі таңда Абай облысының әкімі Берік Уәли мырзаға барып, осындай кітап жазылып жатыр, жазылып қойды, осыған құқықтық тұрғыдан мәртебесін айқындаңыз, рұқсат беріңіз дедік, рұқсатын берді.