Көліктерді тек полицейлер ғана тексермейді. Жіті қадағалауға енді экологтар да араласты.
«Таза ауа» деп аталатын ауқымды рейд барысында мамандар мыңдаған көлікті бақылады. Олардан қоршаған ортаға қанша зиянды қалдық шығып жатқанын анықтау үшін арнайы құрылғылардың көмегіне жүгінді.
Тексеріс нәтижесінде 86 темір тұлпардың иесі ластаушы болып шықты. Оның 63-і айыппұл арқалады. Экологтар мұндай тексерістер ел аумағында өтіп жатқанын және әрбір өңірде жалғасатынын ескертті.
Ақбаян Сұлтанмұрат